Адамзат осы заманғы технологияға қажетті металл тапшылығымен бетпе-бет келеді
|
2025 жылы литиге деген сұраныстың артуына байланысты табиғатта сирек кездесетін құнды металл тапшылығы орын алады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNBC дерек көзіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ВМІ зерттеу фирмасының есебінде айтылғандай, бұл тапшылыққа Қытайда литиге деген сұраныстың артуы себеп болмақ. 2023-2032 жылдар аралығында Қытайда электрмен жүретін көлік өндірісінің өзіне жыл сайынғы сұраныс 20,4 пайызға жетпек. Сөз орайы келгенде Қытай лития өндірісі бойынша әлемде үшінші орында тұрған ел екенін айта кету керек. Бір ғана 2021 жылы күллі әлем бойынша 540 мың тонна лития өндірілсе, 2030 жылы бұл көрсеткіш Бүкіл әлемдік экономикалық форумның болжамынша 3 млн тоннадан аспақ. Бұған электрмен жүретін көлікке деген сұраныс себеп болмақ. S&P Global Commodity Insights компаниясының болжамынша, биыл электрмен жүретін көліктің 13,8 млн данасы сатылады. Ал 2030 жылы бұл тараптағы көрсеткіш 30 млн-нан аспақ.