Адамзат індет дәуіріне аяқ басты. Тәжді тажал – басы ғана...
Адамзат індет дәуіріне аяқ басты. Тәжді тажал – басы ғана...
4 жыл бұрын 17614 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат індет дәуіріне, яғни, түрлі індеттен көз ашпайтын дәуірге аяқ басты. Бүгінде әлемді шарпыған тәжді тажал пандемиясы осы дәуірдің басы – алғашқысы. Бұл жайында АҚШ-тың бас инфекциясышысы Энтони Фаучи мен Ұлттық аллергиялық әрі инфекциялық аурулар институтының эпидемиологы Дэвид Моренс мәлімдеме жасады. Бұл туралы BuzzFeed ақпарат көзі мәлім етті. Cell мерзімді басылымында жарияланған сарапшылар пікірі бойынша таяу жылдары падемия қарқын алады. Түрлі жұқпалы індеттің пайда болуына әлемдегі орман-тоғайдың жаппай оталуы, урбанизация, жабайы жануарлар саудасы, климат өзгерісі мен жаһандық жылыну себеп болмақ. Аталған факторлардан бөлек антибиотикке төзімді бактериялар да, адамзат әлі күнге жеңе алмай келе жатқан, кісі өліміне апарып соқтыратын бұрыннан келе жатқан вирус ошақтары да оқтын-оқтын бас көтеретін болады. SARS, MERS, одан кейінгі SARS-CoV-2 вирустар өзге вирустардың алдын ала хабаршысы болуы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жоғарыда аттары аталған америкалық ғалымдардың айтуынша, адамзат жұқпалы індетті тек төтенше жағдай секілді қатаң шаралармен емес, өмір сүру салтын өзгерту арқылы еңсере алатынын жеткізді.

Суретте - Энтони Фаучи. © Business Insider

0 пікір
Мұрағат