Адам тәрізді роботтар нарығы 25 жылда 7 трлн долларға жетеді
Адам тәрізді роботтар нарығы 25 жылда 7 трлн долларға жетеді
3 күн бұрын 466 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ширек ғасырдан кейін, яғни, 2050 жылға таман адам тәрізді роботтар нарығындағы ақша айналымы 7 трлн долларға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Citi сарапшылары келтірген дерекке жөн сілтеген kz.kursiv.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам тәрізді робаттар негізіген тұрмыста,  соның ішінде, өздігінен жүріп-тұруы қиын қаттарды күтуде, тапсырысты жеткізуде, құрылыста, өндірісте қолданылуы мүмкін. Citi сарапшылары бұл тарапта Tesla компаниясы құрастырып жатқан Optimus android-ты адам тәрізді роботтар нарығындағы көшбасшыларының бірі, деп санайды.Yahoo Finance ақпарат көзіндегі Opening Bid деп аталатын подкаста Citi сарапшысы Бениан Фей бұл салада ондаған компания жұмыс істеп жатқанын әрі елуден аса адам тәрізді робот түрлері құрастырылып жатқанын жеткізді. Citi Global Insights орталығының Роб Гарлик есімді сарапшысы адам тәрізді роботтар саласында маңызды өзгерістер болып жатқанын, дәлірегі, жасанды зерде технологиясы кеңінен қолданылатынын жеткізді. Адам тәрізді роботтарға салынған инвестицияны компаниялар 36 апта ішінде ақтап алуы мүмкін. Өйткені, адамды алмастыратын роботтар жұмыс кестесіне қарамай қызмет ететін болады. Дегенмен, мұндай роботтарды жаппай шығару үлкен қаржыны қажет ететіндіктен, яғни, щымбат тұратын процесс болғандықтан біршама уақыт керек. Осы орайда қараша айында тұсаукесер рәсімі өткен  Tesla компаниясының Optimus роботының жаңартылған нұсқасы кем дегенде 20 мың немесе 30 мың доллар тұратынын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат