Адам саудасы әлем бойынша жиі жасалатын қылмысқа жатады
Адам саудасы әлем бойынша жиі жасалатын қылмысқа жатады
2 ай бұрын 364 24.kz Динара Орынтай

Қытайда заңның қаталдығына қарамастан адам саудасымен күресте билік қауқарсыз болып отыр, деп хабарлады  24.kz 

Аталған қылмыс әлем бойынша көрші елде ең көп тіркелген. Ал Үндістанда балалар ерте жастан қара жұмысқа жегіледі.

Бейресми деректерге сенсек, 11 миллион бүлдіршін ересектер істейтін ауыр еңбекті атқарады. Бүгінде әлемнің қай елдерінде адам саудасы тыйылмай тұр? Үндістанда адам саудасы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі саналады. Жыл сайын миллиондаған адам, соның ішінде балалар мен әйелдер, жұмысқа жегу немесе жыныстық қанауға ұшырайды. Әсіресе, ауылдық жерлерден келген халық жиі алданып жатады. Ел билігі ылмыспен күресті күшейткеніне қарамастан, мәселе әлі де өзекті.

Ресми деректерге сәйкес Үндістанда 11 миллион бала ересектер істейтін  ауыр жұмыстарға жегілген.

Ұйымдардың есебінше, бұл көрсеткіш 40 миллионға дейін жетуі мүмкін. Олардың 200 мыңы - 14 жасқа дейінгі балалар.

Қытайда мигрант әйелдерді саудалау жиілеген

Қытай әлем бойынша адам саудасы  ең көп тіркелген елдердің бірі. Елде заңмен қатаң тыйым салынғанына қарамастан, әсіресе, әйелдер мен балалардың шетелге сатылуы жиі кездеседі. Мұнда адам саудасы негізінен ішкі миграция мен еңбек мигранттарын пайдалану арқылы жасалады.  Соған байланысты елде әйел-мигранттардың саны жыл санап артып келеді. Олардың басым бөлігі -- 17 мен 25 жас аралығындағы қыз-келіншектер.

Сарапшылардың пайымдауынша, елде трансшекаралық әйелдер саудасы көбейіп келеді. Қытайға заңсыз жеткізілетін әйелдердің негізгі бөлігі Вьетнам, Ресей, Солтүстік Корея және Мьянма елдерінен келеді.

Ресми деректерге сай, көптеген адам Оңтүстік-Батыс Қытайдан Мьянма арқылы Таиланд пен Малайзияға заңсыз тасымалданған.

Пәкістанда адам саудасының 70% әйелдер 

Пәкістанда тіркелген адам саудасы оқиғаларының шамамен 70%-ы әйелдер мен қыз балаларға тиесілі. Мұндағы сауданың негізгі түрлері мәжбүрлі неке мен жыныстық зорлық-зомбылық. Жәбірленушілердің басым бөлігі өмір бойы психологиялық жарамен өмір сүруге мәжбүр. Соның салдарынан бұл елде депрессия және суицидке бейімділік сынды проблемалар жыл сайын артып келеді.

Динара Орынтай



0 пікір
Мұрағат