Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілді
Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілді
3 жыл бұрын 1717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ted S. Warren / AP

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының билігі адам мәйітін компостау туралы заң жобасына қолдау білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg Law ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын Легислатура (Нью-Йорктың заң шығарушы органы) тарапынан қабылданып та қойды. Оған аталған штат губернаторы Кэти Хокул қол қойса, қолданысқа енеді. Осылайша Нью-Йорк штаты адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілген  Вашингтон, Колорадо және Орегон штаттарының қатарынан табылады. Заң жобасының авторлары компост жасауды кремация немесе жерлеуден гөрі өлілердің денесін кәдеге жаратудың экологиялық таза және арзан әдісі, деп есептейді. Компост жасау кезінде қалдықтар топыраққа айналғанша жерүсті контейнерлерде ыдырайтын болады. Бұл заңға Нью-Йорк штатының католиктер конфедерациясы наразылық білдірді. Осы штаттағы католик епископының мәлімдемесінде адам мәйітіне құрметпен қарау керектігі айтылған.

Ұқсас материалдар:

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0);

«Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiiti-tynaitqyshqa-ainaldyrylady-11885/#gsc.tab=0);

«Жалға берілетін экологиялық зират ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jalga-beriletin-ekologiyalyq-zirat-ashyldy-15853/#gsc.tab=0);

«Мәйітке қатысты мәжбүрлік» (https://islam.kz/kk/news/alem/maiitke-qatysty-majburlik-13208/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат