Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады
Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады
6 жыл бұрын 3409 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыру туралы құжатқа қолын қойды. Аталмыш заң талабы бойынша адам көзі тірісінде келісімін беріп қоюы керек. Өзінің мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға қарсы еместігін білдіріп. Адам мәйітін сабан мен жаңқа және люцерн толтырылған контейнерге салып, 30 күн ұстайды. Содан соң оны ағаш немесе гүл отырғызылатын топырақты тыңайтуда пайдаланады. Әлбетте, өзі өлген соң дәстүрлі жерлеуді таңдай ма, әлде өртеуге бере ме (кремация) немесе балзамдауға бере ме, бұл әр адамның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыру туралы заң жобасын қабылдаған алғашқы ел АҚШ емес. Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға заң жүзінде Швецияда бекітіліп те қойған. Ал Ұлыбританияда мәйітті биологиялық тұрғыдан ыдырататын табытқа салуға рұқсат беріледі.

0 пікір
Мұрағат