Адам ағзасына қатысты алаяқтығы үшін 41 дәрігер жауапқа тартылуда
Адам ағзасына қатысты алаяқтығы үшін 41 дәрігер жауапқа тартылуда
7 жыл бұрын 3400 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр астанасы - Каир қаласының қылмыстық соты адам ағзасын саудалағандар туралы істі қарап жатыр. Айыпталушы дәрігерлер арасында хирургтер, анестезиологтар және терапевтер бар. Тергеушілердің айтуынша, Мысырдың медициналық мекемлерінің қызметкерлері шетелдік азаматтарға заңсыз жолмен адам ағзасын салып келген, былайша айтқанда, ағза қондыру отасын заңсыз жасап, пайда тапқан. Донор ретінде ақшаға мұқтаж мысырлықтарды пайдаланған, дәлірегі, мысырлық дәрігерлер мысырлықтардың, яғни, қаржыдан қиналған қалтасы жұқа отандастарының есебінен оларды жемтікке айналдырған. Тура мағынасында. Мысыр қоғамын шулатқан істі қараған тергеушілер келтірген дәлелге қарағанда, мәселен, мысырлық дәрігерлер шетелдік азаматқа адам бүйрегін 80-120 мың долларға дейін сатқан. Яғни, қыруар қаржыға ағза қондыру отасын жасаған. Ал донор болған адамның өзі ағзасына бар-жоғы бір мың долларға жетпейтін қаржыны ғана місе тұтқан. Ағза қондыру отасы Каир қаласындағы мамандандырылмаған медицина мекемелерінде органды трансплатациялау жөіндегі комитеттің рұқсатынсыз жасалған. Тергеушілерге заңсыз жолмен жасалған 29 ота белгілі болып отыр. Мұндай ота кезінде мысырлық донорлардың бірі және ұш шетелдік азамат қаза тапқан. 

1 пікір
  • Ислам мемлекети болгандыктан бул елде коррупция жоктын касы,соган карамастан адам агзасын ауыстыруга келгенде алаяктык жасалган,ал енди коррупцияга тунып турган Казахстанда бул калай болады екен, оган коймай типти олген адамндардын мушусин сураусыз алуга болады деген зан шыгарып койды.
    7 жыл бұрын
Мұрағат