Әбу Даби билігі «қара аспан» саясатын жүргізуге көшеді
Әбу Даби билігі «қара аспан» саясатын жүргізуге көшеді
8 ай бұрын 622 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай муниципалитет және көлік департаменті (DMT) жарықпен ластану деңгейінің өсуіне байланысты «қара аспан» саясатын жүзеге асыратынын жариялады. Бұл бастаманың басты мақсаты – жасанды жарықтандыруды шамадан тыс немесе орынсыз пайдаланумен күресу. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times қпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тұрғындар мен кәсіп иелеріне арналған ақпараттық бағдарламалармен бірге жарық ластануымен күресу әдістемесі әзірленді. Жаңа ереже қоғамдық ғимараттарға, көшелерге, саябақтарға, жағажайларға, коммерциялық мекемелерге, ашық және игерілмеген аумақтарға, ауылшаруашылық және өндірістік аймақтарға және т.б. қолданылады. Ал тұрғын үйлер мен кеңселер секілі жекеменшік ғимараттар ішіндегі жарықтандыру деңгейі жарықтың ғимараттан тыс жерге қаншалықты аумақта таралатыны бойынша анықталады. Ерекше ереже түрлі мәдіни іс-шаралар мен мерекелік ғұрыптарға қатысты қолданылмайды. Жарықпен ластану ғаламдық мәселеге айналған. Тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде жабайы табиғаттағы тіршілікке залалын тигізетін жасанды жарықпен күресу күн тәртібіне шыққан.

0 пікір
Мұрағат