Әбу-Даби билігі фриланс лицензиясына 30 жаңа қызмет түрін қосты
Әбу-Даби билігі фриланс лицензиясына 30 жаңа қызмет түрін қосты
3 ай бұрын 567 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби билігі лицензиялауға жататын фрилансерлік қызметтер тізімі 30 жаңа түрімен толықтырылғаны турасында хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Әбу-Дабидің экономикалық даму департаментіне (ADDED) қарасты Әбу-Даби іскерлік орталығы (ADBC) шығарған нұсқауға сәйкес лицензиялауға жататын жаңа фрилансерлік қызмет келесі салаларды қамтиды:

- Жасанды зердеге негізделген әзірлемелер (AI)

- Электрондық жабдықты, құрылғы жүйелерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау

- Мұнай және табиғи газ өндіру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

- Деректерді жіктеу және талдау қызметтері

- Компьютерлік жүйелер мен бағдарламаларды әзірлеу және инновациялар

- 3D визуализациясының көмегімен жасалған өндіріс үлгілері

- Ойыншыларды қолдау қызметінің провайдерлері

Кәсіби, штаттан тыс лицензия сарапшылар мен білікті мамандарға ұйымдарға, мекемелерге, компанияларға және жеке тұлғаларға өз қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Лицензия алу үшін өтініш берушінің белгілі бір салада тәжірибесі болуы немесе тиісті салада академиялық және кәсіби жетістіктері болуы керек. Бұрын ADDED кәсіби фрилансер лицензиясын алу үшін нормативтік базаны, жұмыс ережелерін және жалпы талаптарды әзірледі.

Фрилансер лицензиясын TAMM қолданбасы арқылы да алуға болады 

0 пікір
Мұрағат