Әбу Бәкір ас Сыдық атында туннел ашылды (видео)
Әбу Бәкір ас Сыдық атында туннел ашылды (видео)
9 ай бұрын 765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Монарх Салман саябағы қорының директорлар кеңесі Саудия астанасындағы көлік қозғалысын жандандыратын, соның ішінде көлік кептелісін азайтатын маңызды жобаның— Әбу Бәкір ас-Сыдық атындағы  туннелінің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  2430 метрге созылып жатқан саябақ астынан, солтүстік бөлігінен оңтүстікке қарай автокөлік туннелі Таяу шығыс аймағындағы ең ұзын тоннел болып саналады. Бұл туннелдің ұзындығы -  1590 метр. Ер-Рияд қаласы инфрақұрылымның маңызды бөлігі. 2024 жылдың ақпан айының 29-нан бастап туннел автокөлік үшін ашық. Оның әр бағытта үш жолағы және апаттық жолағы бар, барлығы қозғалысты басқару және қауіпсіздіктің жетілдірілген жүйелерімен, соның ішінде апаттық қызметтер мен эвакуация (көшіру) жолдарымен жабдықталған. Жол туннелінің дизайны дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейтін, корол Салманның өз қолынан шыққан сәулетінің тұжырымдамасы негізінде жасалған: Ер-Риядтың табиғи және геологиялық эстетикасымен, қаланың жартас құрылымдарын көз алдыңа әкелетін дизайнмен үйлесім тапқан. 16 шаршы шақырымнан астам аумақта салынып жатқан корол Салман саябағы биыл ашылуы тиіс. Жоспар бойынша. Ол өз кезегінде әлемдегі ең үлкен қалалық саябақ болмақ. Ол Ер-Риядты әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналдырады. Саябақта қаланың ең үлкен жасыл аймағы қана емес, сонымен қатар, түрлі мәдени, өнер, ойын-сауық, спорт, демалыс, сауда және тұрғын үй нысандары болады

0 пікір
Мұрағат