|
92 жастағы әже қарттар үйінен неге қашты?
|
Норвегияның Эйдсволл қарттар үйінен 92 жастағы әже Швецияға, дәлірегі, Швециядағы 87 жастағы нақсүйеріне қашып кеткен. Бұл жайында «The Local» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш қарттар үйінің басшылығы полицияға хабар берген екен. Алайда, әженің қарттар үйінен нендей себеппен қашып шыққаны мәлім болғаннан кейін оны іздестіруді доғарды. Кейуана сүйіктісімен бірге уақыт өткізу үшін қарттар үйінен қашып шыққан. Бір-бірімен табысқан қарттар Стокгольм қаласына автокөлікпен тартып отырған. Онда олар қарияның үйінде бірнеше күн болады. «Бұл шынымен де жан тебірентерлік махаббат хикаясы», - деді емхана меңгерушісі Янка Хольстад. Оның айтуынша, қашып кеткен әже заңға томпақ әрекетке бармаған. Десе де қарттар үйінің қызметкерлері оның ескертпей кетіп қалғанына алаңдаушылық білдірген. Янка Хольстад әженің нақсүйерінің үйінде он күн болғаннан кейін қайтып оралатынын жеткізді.