900-ге жуық босқын мұсылмандар суға кете жаздады
900-ге жуық босқын мұсылмандар суға кете жаздады
10 жыл бұрын 2837

Мьянмадағы буддашыл радикалдардың зорлық-зомбылығынан бас сауғалап, Индонезияның Ачех провинциясына бет алған 900-ге жуық рохиньялық мұсылман құтқарылды. Суға кете жаздаған олардың арасында жас балалар мен әйелдер де бар. Бұл жайында «KTVQ News» ақпарат көзі хабар таратты. Ашық теңізде 547 адамнан тұратын алғашқы легін жекесенбі күні таңертеңгісін  алдымен балықшылар байқаған. Ачех провинциясының көші-қон қызметі өкілінің айтуынша, босқын мұсылмандар ас-сусыз моторы жоқ қайықпен бірнеше күн теңізде болған. Ал 400 адамнан тұратын екінші легі дүйсенбі күні таңертеңгісі байқалған. Арып-азған мұсылман босқындармен қазіргі уақытта көші-қон қызметі айналысып жатыр. Сондай-ақ, оларға медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті билік өкілдері босқындарға азық-түліктің жетіспейтінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат