50 мың мұсылман сырттай талақ етуге тыйым салу талап етілген петицияға қосылды
50 мың мұсылман сырттай талақ етуге тыйым салу талап етілген петицияға қосылды
8 жыл бұрын 2687

Үндістанда сырттай талақ айтуға тыйым салу талап етілген петицияға 50 мыңнан аса мұсылман қосылды. Аталмыш құжатқа үндінің ақ жаулықтылары ғана емес, сонымен қатар, бөріктілер де қолдарын қойған. Жуырда жүргізілген ауқымды әлеуметтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, елдегі мұсылман әйелдердің 92%-ы өздерін сыртынан талақ етуге қарсы екенін білдірген. Мұндай қарсылық неден немесе неліктен пайда болды? Үнді әйелдерінің мұндай қадамға баруына не түрткі болды? Кейінгі кезде байланыс құралдары (гаджет, смс, смартфон, электронды пошта, т.б.) арқылы талақ айту әдетке айналып, кеңінен тарап барады. Мұсылман жамағатының арасында етек жайған осынау жат әдетке наразылардың қарасы да артып келеді. «Әдетте ер адамдар әйеліне тікелей бетпе-бет талақ айтудан ұялып, осындай жолмен хабарлағанды жөн көреді»,- деді үнді құқық қорғаушысы Гупта Таджамахир. Айта кетейік, Үндістанның жоғарғы соты мұндай тәжірибеге наразылардың қарасы жеткілікті дауыс жинағанда петицияны қарастыруға уәде берді. 

0 пікір
Мұрағат