4000-дай бала індеттен жетім қалғанымен қоймай, қоғамнан қағажу көріп отыр
4000-дай бала індеттен жетім қалғанымен қоймай, қоғамнан қағажу көріп отыр
5 жыл бұрын 1952 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірікен ұлттар ұйымы жанындағы Балалар қоры  (UNICEF, United Nations Childrens Fund) келтірген мәліметке қарағанда, Африка құрлығында орын тепкен Конго демократиялық республикасында төрт мыңдай бала Эбола індетінің бой көтеріп, өршіп кетуіне байланысты ата-анасынан айырылып, жетім қалған. Танзаниялық «ZanzibarLeo» жаңалықтар қызметі таратқан хабар бойынша жетім қалған балалардың 1300-ден асасы ата-анасының біреуінен, яғни, не әкесінен, не шешесінен айырылған. Балалар қорының өкілдері 2400-ден аса баланың ата-анасынан немесе қамқоршысынан айырылғанын алға тартып отыр. Аталмыш вирус жұқтырды деген күдікпен медициналық тексекруден өтіп, қоғамнан оқшаулануына байланысты балалардың дені ата-анасынан тірідей көз жазып қалған. Эбола індетіне байланысты ата-анасынан айырылған балалар ашқұрсақ өмір сүріп жатыр. Бұдан бөлек, Эбола індетін жұқтыруы мүмкін деген күдікке бой алдырғандар, яғни, қоғам тарапынан кемсітушілікке ұшырап, шеттетіліп жатыр.

0 пікір
Мұрағат