"Алтын жалды" арыстандар азайып барады
"Алтын жалды" арыстандар азайып барады
5 жыл бұрын 4480 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түсінбестік болмасы үшін бірден айта кетейік, "алтын жалды" деп нені айтып отыр демесі үшін. "Алтын жалды" - тек эпитет, бөле-жарып көрсету үшін теңеу еді тапқырыпқа, тақырыптан бұрын арыстандар популяциясына қатысты өзекті мәселеге назар аудару мақсатында қолдандық. Әйтпесе, сол арыстан, сол жыртқыш. Біз бұл арада жабайы табиғатта кездесетін арыстандар турасында сөз қозғап отырмыз. Ғалымдар таяуда Африка құрлығындағы тарихи әрі табиғи тіршілік ететін ортасында арыстандардың тұқымы тұздай құрап бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Аң патшасының есебін жүргізген ғалымдар келтірген дерекке қарағанда, аталмыш құрлықтағы арыстандар саны 22 509-ға дейін кеміп кеткен. Адамдардың ашкөздігінен. Дәлірегі, әлемге әйгілі Оксфорд университетінің жабайы тағбиғатты қорғау жөніндегі британдық зерттеу бөлімі жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Жарияланған баяндамада жабайы табиғат аясындағы арыстандар қарасы 95%-ы құрып кеткені айтылған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда: Малабиде бар-жоғы 5 арыстан ғана қалған, Анголада 25, Руанда 22, Нигерияда 30 арыстан қалған. Арыстандар қарасы көп Танзанияда 8176 арыстан, Оңтүстік африка республикасында 2070, Кенияда 1825, Замбияда 1095, Мозамбикте 1295, Замбаббеде 1709 арыстан бар екен. Мамандардың тұжырымы бойынша қазіргі уақытта арыстандар мекен ететін аумақтың тек 40% ғана қорықтарда орналасқан, 14%-ы мемлекет қамқорлығына, қорғауына алынбаған.

0 пікір
Мұрағат