30 жылдан соң халқының саны күрт кемитін елдер белгілі болды
30 жылдан соң халқының саны күрт кемитін елдер белгілі болды
7 жыл бұрын 7409 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар алдағы 30 жыл ішінде халқының саны күрт кемитін әлем елдерін атады. Бұл тізімнің бас жағында Шығыс Еуропа елдері тұр. Шығыс Еуропа елдерінде халық санының күрт кемуіне жастардың жайлы өмір іздеп, бай-бақуатты елдерге ағылуы болмақ. Сонымен қатар, өлім-жітімнің көбеюі мен туу көрсеткішінің азаюы да халық санының кемуіне алып келмек. Аталмыш рейитингтің басында Болгария тұр. 2050 жылға қарай бұл елдің тұрғындары 23 пайызға кемиді екен; яғни, қазіргі халқының саны 7,08 млн болса, енді отыз жылдан кейін 5,42 млн-ға дейін азаймақ. Содан кейінгі орынға Латвия жайғасқан: 22%-ға кемиді - 1,95 млн адамнан 1,52 млн адамға дейін. Одан кейінгі орынға Молдова табан тіреген екен: халқының саны 19%-ға азаяды - 4,05 млн адамнан 3,29 млн адамға дейін. Келесі орындарда: Украина, Хорватия, Румыния, Сербия, Польша және Венгрия. 

0 пікір
Мұрағат