30 жылда 200 млн-нан аса адам босқынға айналады. Бір ғана себептен...
30 жылда 200 млн-нан аса адам босқынға айналады. Бір ғана себептен...
3 жыл бұрын 1668 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты құрғақшылықтан және тасқын-селден азық-түлік шаруашылық өнімдерінің үштен бірге азаюына, су тапшылығы артуына әрі теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты 2050 жылға қарай 216 млн адам босқынға айналады. Яғни, климат өзгерісінің салдарынан қауіпсіз аймақтарға ағылады. Бұл жайында islam.kz порталы france24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік банк жаһандық жылынудан келетін шығынның мөлшері бағаланған есебінде осындай дерек келтірілген. «Климат өзгерісі миграцияның аса қуатты қозғаушы күшіне айналады», - деп айтылған аталмыш есепте. Бүкіл әлемдік банктің тұрақты даму жөніндегі вице-президенті Юрген Фогеленің айтуынша, климаттық миграция келесі он жылдықтан бастап қарқын алмақ. Әлем елдері осы бастан атмосфераға бөлінетін парникті газды азайтып, өмірлік маңызы зор экологиялық маңызды жүйені қалпына келтіріп, т.б. кезек күттірмейтін шараларды қолға алса, климаттық босқындар қарасын 80%-ға дейін (44 млн адам) азайтуға болатынын алға тартты. Аталған халықаралық қаржы мекемесінің есебінде айтылғандай, Африка құрлығында 86 млн адам Сахара шөлінің оңтүстігіне қарай қоныс аударады, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында 49 млн адам, Оңтүстік Азияда 40 млн адам, Африканың солтүстігінде 19 млн адам, Латын америкасында 17 млн адам, Шығыс Еуропада және Орта Азияда 5 млн адам климат босқынына айналады.

Ұқсас материалдар:

"Жылдан жылға климаттық босқындар қарасы артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jyldan-jylga-klimattyq-bosqyndar-qarasy-artyp-keledi-12557/#gsc.tab=0);

"Әлемде ішкі босқындар қарасы рекорд орнатты" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ishki-bosqyndar-qarasy-rekord-ornatty-15254/#gsc.tab=0);

"1 млрд-тан аса адам босқынға айналуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/1-mlrd-tan-asa-adam-bosqynga-ainaluy-mumkin-14106/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат