3 жасар баланың салмағы 70 келі тартады
3 жасар баланың салмағы 70 келі тартады
10 жыл бұрын 6869

24 телеарнаның хабарлауынша, Бразилияда 3 жастағы Мизаел есімді ұл баланың әке-шешесінен маза қашқан. Себебі, Мизаел күннен күнге толып, семіздіктен денесін игере алмайтын халге жеткен. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Мизаел дүниеге келгенде оның денсаулығында кінәрат байқалмаған. Салмағы да қалыпты болатын – 2,9 келі. Содан кейін әр ай сайын осынша салмақ қосып отырған. Нәтижесінде оның салмағы қазіргі уақытта 70 келіге жеткен. Ең қорқыныштысы, ай сайын салмақ қосуын тоқтатпаған.

 

Дәрігерлер қойған диагноз: Прадер-Вилли – сирек кездесетін генетикалық сырқат түрі. Мұндай сырқатқа шалдыққан адам ұдайы аштықты сезініп, тамақтанғысы келеіп тұрады. Мұндай жастағы балалар тамақты құрбыларына қарағанда алты есе көп ішеді. Сөйтсе де, аштық сезімін баса алмайды. 

Мизаел, сонымен қатар, қалқанша безінің қызметіндегі ақаудан да зардап шегіп келеді. Бұл да өз кезегінде салмақтың қосылуына ықпал етеді. Ата-анасының айтуынша, дәрігерлер жазып берген рецепті бойынша алынған дәрі-дәрмектің де көмектесетін түрі көрінбейді.  

 

1 пікір
  • Шок терапия: медицинада бар тәсіл, дәлірегі, психологияда қолданады, қазіргі уақытта Қазақстан семіздік дерті бойынша орта Азия бойынша бірінші орынға шықты. Бұл - ұлттық деңгейге көтерілген дерт. Мұндай сырқатқа шалдыққандарды жүрек айнытатын тәсілдермен емдеуге болады. Шығыс медицинасында бар. Дерт кеселге айналмауы тиіс.
    10 жыл бұрын
Мұрағат