25 млн-нан астам ауған азаматы тақыр кедейге айналған
25 млн-нан астам ауған азаматы тақыр кедейге айналған
2 жыл бұрын 1621 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта кем дегенде 25 миллион ауған кедейлікте өмір сүреді, 2023 жылы республика халқының кем дегенде үштен екісі гуманитарлық көмекке мұқтаж болады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы басшысының орынбасары, гуманитарлық үйлестіруші Рәміз Алакбаров осындай дерек келтіріп отыр. «Ауғанстан халқының 65 пайызы қандай да бір гуманитарлық көмекке мұқтаж болады. Биыл аталған елдің жалпы ішкі өнімі 35-40%-ға құлдырауы мүмкін. Қаржы жүйесі күйреді. Халыққа арналған азық-түлік себетінің құны 30 пайызға өсіп, отбасыларды қарызға батуға мәжбүр етуде», деп мәлімдеді ол. Сарапшының айтуынша, осындай фактілердің кесірінен 700 мың адам жұмысынан айырылған. Халық табысының төрттен үш бөлігі азық-түлікке жұмсалады, 25 миллионға жуық адам тақыр кедейшілікте өмір сүреді.

0 пікір
Мұрағат