«Қарулы соғыс болып жатқан елдерде тұратын балалар өз үйлерінен, отбасы, ағайын-туыстарынан, достарынан, қауіпсіздігі мен бейбіт өмірінен айырылды. Енді олар қалыпты базалық білім алу мүмкіндіктерінен де ажырады. Бұл дегеніміз балалардың болашағын бұзу, олар оқу-сызудан қалады, өзіне де, қоғамға да үлес қоса алмайды» делінген ЮНИСЕФ өкілі мәлімдемесінде.
Соңғы бірнеше жыл ішінде әлем бойынша 30 миллион бала соғыс қауіп-қатерінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ал 250 миллионнан аса бала қақтығыс аймақтарында күні бүгінге дейін үреймен күн кешуде.