2050 жылға таяу әлемде бала туу көрсеткіші төмендейді
2050 жылға таяу әлемде бала туу көрсеткіші төмендейді
5 ай бұрын 624 24.kz

2050 жылға қарай әлем елдерінің 75 пайызында туу көрсеткіші төмендейді. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады.

Керісінше егде жастағылардың саны артады. Вашингтон университетінің зерттеушілері соңғы зерттеуінде осылай деп мәлімдеді. Олар болашаққа болжам жасау үшін 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі 204 елдің деректерін талдады. Есепке сәйкес, Еуропа мен Шығыс Азиядағы Сербия, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінде жаңа туған сәби саны кеміген. Ал оңтүстік Сахарадағы Батыс және Шығыс Африка елдерінде туу көрсеткіші бірнеше есе артқан.

Мелинда Миллс, Оксфорд Университетінің профессоры: "Туу көрсеткішіне негізінен, климаттық өзгеріс, қақтығыс, пандемия жағдайлары кері әсер етіп отыр. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, демографиялық өсім бойынша үштікте тұрған Үндістан, Қытай және Америка Құрама Штаттары 2050 жылға қарай да халық санының көптігімен көш басында қала береді."

 

0 пікір
Мұрағат