2030 жылға қарай бес жасқа толмаған 69 млн бала қырылуы мүмкін
2030 жылға қарай бес жасқа толмаған 69 млн бала қырылуы мүмкін
8 жыл бұрын 2467

167 млн бала ішер ас, киер киімге жарымай отыр. Шамамен 69 млн бала (бес жасқа дейінгі) 2030 жылға қарай түрлі ауру-сырқаудан қырылуы мүмкін. Әйтсе де оның алдын алуға болады. Ол үшін әлемдік қауымдастық пен денсаулық сақтау, кедейлікпен күресу және білім беру саласындағы халықаралық ұйымдар осы бастан белсенділік танытып, тиімді әрекет ететін болса. Бұл жайындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы ЮНИСЕФ балалар қорының баяндамасында айтылған. 167 млн бала ішер ас, киер киімге жарымайды, 750 млн әйел кәмелет жасына толмай жатып, тұрмысқа шығады, егер әлем қауымдастығы бұл мәселенің алдын алмаса. 170 беттен тұратын аталмыш баяндамада айтылғандай, шыбындай қырылатын балалардың жартысынан көбісі Африка құрлығынан, дәлірегі, Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орын тепкен елдерден. Үштен бір бөлігін Оңтсүтік Азия елдеріндегі балалар өлімі құрамақ. Әсіресе, Үндістанда (17%), Нигерияда (15%), Пәкістанда (8%), Конго демократиялық республикасында (7%) және Анголада (5%) балалар өлімі орын алуы мүмкін. Балалардың дені анасының босануы кезінде және пневмониядан шетінейді. 2015 жылы балалар өлімі бойынша Ангола көш бастаған – бес жасқа дейінгі 1000 баладан 157 бала өлімі орын алған.

0 пікір
Мұрағат