2024 жылы жаһандық күн қондырғыларының өндірген энегрия қуаты 600 ГВт-қа жетті
2024 жылы жаһандық күн қондырғыларының өндірген энегрия қуаты 600 ГВт-қа жетті
4 күн бұрын 523 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы қосымша қуат оның алдындағы 12 аймен салыстырғанда біршама өсті. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде 2024 жылы орнатылған жаңғыртпалы энергия көздерінің басым бөлігі күннің үлесіне тиді, өткен жылы желіге 597 гигаватт (ГВт) қосылған. Solar Power Europe ұйымының Global Solar Market Outlook 2025-2029 соңғы есебіне сәйкес күн энергиясы 2024 жылы жаһандық деңгей - 735 ГВт жаңа жаңартылатын қуаттардың 81%-ын құрады. «Бұл 2023 жылғы 78%-дан аздап өскенін білдіреді және энергетикалық ауысудың, яғни, қоршаған ортаға зияны аз жасыл энергияға көшудің негізгі қозғаушы күшіне айналған күн энергиясының рөлін одан әрі нығайта түседі», - деп айтылған хабарламада. Күн энергиясының әлемдік электр энергиясына қосқан үлесі 2023 жылғы 5,6%-дан 6,9%-ға дейін өсті. «Өткен жылы ол бір жыл бұрынғыдан сағатына 474 терават энергия өндірген. Бұл ретте жыл сайынғы өсім 29%-ға жеткен. Осылайша электр энергиясын өндірудің барлық басқа технологияларын басып озды», - делінген хабарламада. Жалпы алғанда, 2024 жылы жаңартылатын қуаттардың жалпы өсімі 159 ГВт-қа артқан, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға жоғары. Мұндай жетістік күн энергиясының өсу есебінен орын алды, себебі, жел секторы тоқырап, бар болғаны 0,3% өсім көрсетті. «117 ГВт орнатылған жағдайда, өткен жылғыдай, желдің үлесі 2023 жылғы 20%-бен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа төмендеп, 16%-ды құрады», - деп көрсетілген Solar Power Europe хабарламасында.

0 пікір
Мұрағат