2019 жылы аптап ыстықтан 356 мың адам өлген
2019 жылы аптап ыстықтан 356 мың адам өлген
3 жыл бұрын 1289 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар 2019 жылы күллі әлем бойынша 356 мың адамның бақилық болғаны туралы дерек келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы thelancet.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық сарапшылардың атйуынша, бұл көрсеткіш жаһандық жылынудың қарқын алуына байланысты артпаса, кемімейтінін алға тартып отыр. Аптап ыстық жаһандық жылынуға байланысты қалыпты құбылысқа айналып келеді, осыған орай әлемде аптап ыстықпен байланысты өлім-жітім мен ауру түрлері өршіп барады. The Lancet мерзімді басылымында жарияланған  Heat and Health зерттеу авторларының жазуынша, жылу стресінен организмнің ішкі температураны реттеу қабілеті төмендеп кетеді. Бұған қоса, дене температурасын қорғауға ықпал ететін физиологиялық термореттеуші реакция организмге өзге де салмақ түсіріп, кардиореспираторлық ауруларға ұрындырады. Бұдан бөлек, аптап ыстық адамның еңбек ету қабілетін төсендетеді, дәлірегі, бұл тенденция ыстық аймақтарда тұратын 1 млрд-тан аса адамды қамтиды. Әсіресе, қара жұмыс істейтіндердің денсаулығына қауіп төндіреді.

0 пікір
Мұрағат