|
2015 жылға дейін қажылық квотасының мөлшері сақталатын болды
|
Сауд Арабиясының қажылық министрлігінің баспасөз хатшысы Хатем әл-Қади аталмыш министрліктің киелі мешітті кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты қажылыққа қатысты қысқартылған квотаның мөлшерін 2015 жылға дейін күшінде қалдыратынын хабарлады. Жергілікті тұрғындар үшін 50%, ал өзге елдерден келетіндер үшін 20% квота мөлшері келесі жылға дейін сақталады. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясы азаматтарына қатысты 5 жылда бір рет қажылыққа бару туралы аталмыш министрліктің шешімін саудиялық тұрғындардың есіне салды. Яғни, қажылық маусымы кезінде қажылардың көптігіне байланысты саудиялық тұрғындар қасиетті сапарға жылда бармайды, бес жылда бір-ақ рет бару мүмкіндігіне ие болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті