2013 жылы миллиондаған адам наным-сеніміне байланысты босқын атанды
2013 жылы миллиондаған адам наным-сеніміне байланысты босқын атанды
10 жыл бұрын 3681

2013 жылы түрлі саяси жанжал мен репрессиядан азшылықты құрайтын жамағаттардан әлем бойынша миллиондааған адам босқын атанды. Олардың ішінде христиандар да, мұсылмандар да, индустар да наным-сеніміне байланысты қуғын көріп, өзге елдерді паналаған. Бұл жайында жуырда жарық көрген АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баяндамасында айтылған. Таяу Шығыста, Азияның және Африканың, сондай-ақ, Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде діни алалаушылық пен кемсітушілікке ұшыраған адамдар өздерінің байырғы мекендерінен безіп, өзге елдерге ағылған. Әсіресе, үш жыл бойы азаматтық соғыстан көз ашпаған Сирияда және Мьянмада, сонымен қатар, Орталық Африка Республикасында миграциялық жағдай ушығып тұр. Мәселен, Орталық Африка Республикасында 1 млн-ға жуық мұсылман босқын атанды. Ал, Мьянмада 140 мыңнан аса адам елден безіп кеткен. Олардың дені мұсылмандар. Сондай-ақ, Қытайда да ұйғыр мұсылмандардың құқығы жиі бұзылатыны айтылған баяндамада.

0 пікір
Мұрағат