185 адам құлдыққа айдап әкетілді, 35 адам қаза тапты
|
«Нигерияда «Боко Харам» радикалды тобының лаңы әлі басылар емес. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылы аталмыш радикалды топтың 300-ге жуық мектеп оқушысын ұрлап әкеткенін хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы Гумбури елді-мекеніне шабуыл жасап, 185 адамды құлдыққа салу үшін алдарына салып, орманға айдап әкетті. Олардың арасында тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар, христиандар да, әйелдер мен балалар да бар. Сондай-ақ, 35 адамды өлтіріп кеткен. Бұл шабуыл дүйсенбі күні орын алған екен. Алайда, ол турасындағы ақпарат енді келіп түсіп отыр. Олар тек шабуыл жасап қоймай, аталмыш елді-мекен тұрғындарын былайғы әлемнен оқшаулап ұстау үшін байланысты да үзіп тастаған. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында ұрланған 276 мектеп оқушысының 219-нан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ.