16 жыл өлім жазасын күткен қылмыскерге қатысты сот үкімі орындалды (фото+видео)
16 жыл өлім жазасын күткен қылмыскерге қатысты сот үкімі орындалды (фото+видео)
5 жыл бұрын 2980 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда Вэй Вэй есімді 40 жастағы Қытай азаматына шығарылған сот үкімі орындалды. Яғни, ең ауыр жаза – өлім жазасына кесілді. Бұл жайында RTVI ақпарат көзі хабар таратты. Басынан бастасақ, 2003 жылы ол екі сыбайласымен (олар да Қытай азаматтары болатын) бірге төрт адамнан тұратын жапон отбасын, соның ішінде, біреуі 8, тағы бірі 11 жастағы баланы өлтіріп, тонап кеткен еді. Олардың мүрдесін теңізге тастаған – аяқтарына жүк байлап (су бетіне қалқып шықпасы үшін). Вэйдің сыбайластары Қытай халық республикасына қашып үлгергенімен олар Қытайда ұсталып, өз елінде 2005 жылы біреуі өлім жазасына кесіліп, екіншісі өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бейсенбіде, желтоқсан айының 26-ы күні күншығыс елінің Фукуока қаласындағы түрмеде 16 жыл бойы жазасын күтіп жатқан Вэй дарға асылды. Бұл жайында Жапонияның әділет министрі Масако Мори мәлім етті. Осылайша аталған арал елде 2007 жылдан бері алғаш рет шетелдік азаматқа өлім жазасы қолданылды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Жапония өлім жазасы сақталған «Үлкен жетілік» құрамындағы екі елді бірі. Тағы бірі – АҚШ. Қазіргі уақытта күншығыс елінің түрмесінде 120-ға тарта қылмыскер өлім жазасын күтіп жатыр.

В Японии казнили иностранца, ожидавшего своей участи 16 лет - Министр юстиции Японии Масако Мори. © Reuters

Жапонияның әділет министрі Масако Мори

 

Вэй және оның сыбайластары

0 пікір
Мұрағат