103 жасында мектеп бітірді
103 жасында мектеп бітірді
10 жыл бұрын 4687

АҚШ-тың Висконсин штатында тұратын 103 жастағы Мэри Хант өткен аптада орта мектепті бітіріп, тиісті дипломын қолына алған. Бұл жайында New York Daily Newsа ақпарат көзі хабар таратты.

Басылымның хабарлауынша, әжей осыдан 90 жыл бұрын інілері мен сіңлілерін асырау үшін мектепті бітірмей тастап кеткен екен. Алайда, осы күнге дейін оның арманы – орта білімді толық алу болған. “Мен бастаған істі соңына дейін жеткізуді үнемі ойлап жүретінмін. Бұрын менің жағдайым болған жоқ, сондықтан оқи алмадым. Енді араға 90 жыл салып арманым орындалды”, – дейді ол. Диплом беру рәсіміне Хант дәстүрге сәйкес қара мантия мен академиялық бас киім киіп келді. Мұнан кейін ол колледжге құжат тапсыруды жоспарлап отыр.

1 пікір
Мұрағат