100 жылдық тарихы бар мұражай қайта ашылды
100 жылдық тарихы бар мұражай қайта ашылды
10 жыл бұрын 3164

Осман қағанатының бас уәзірлерінің бірі Ибрагим пашаның бұрынғы сарайында орналасқан баға жетпес ислам және түрік жәдігерлері сақтаулы тұрған мұражай күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды. Оның ашылу салтанатында сөз алған Түркияның мәдениет және туризм министрі Өмер Шелик мырза мәдени мұраны келешек ұрпақ үшін сақтаудың маңызына тоқталды. «Түркияның мәдениет және туризм министрлігі барлық мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа қалдыруға басымдық береді»,- деді ол өз сөзінде. Сондай-ақ, ол ел аумағындағы 123 мұражайға өткен жылы, яғни, 2013 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін және олардың көбісінде кинозалдар, мейрамханалар, кітапханалар ашылғанын жеткізді. Биыл аталмыш мұражай өзінің бір ғасырлық мерейтойын атап өтті. Бүгінгі таңда онда Түркия мен ислам барлық кезеңінен сыр шертетін 45 000 жәдігер бар. Мұражайға қойылған жәдігерлердің арасында баға жетпес өнер туындыларымен қатар қасиетті Құранның 8-ші ғасырға тиесілі, «Şam Evrakları» (Дамаск құжаты) деп аталатын манускриптісі, сондай-ақ, Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) пайдаланған заттары мен бұйымдары жұртшылықтың назарына ұсынылған. Ислам каллиграфиясы да, кілемдер т.б. заттар елдің ерекше ықыласына бөленген болатын.

0 пікір
Мұрағат