|
100 және одан жоғары жастағы қарттар саны рекорд орнатқан ел аталды
|
Жапониядағы жасы 100-де және одан жоғары қарттар қарасы рекордтық деңгейге жетті – тарихта әлем бойынша алғаш рет 100 мыңнан асты. Бұл жайында islam.kz порталы NHK World-Japan ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етелі. Күншығыс елінің денсаулық сақтау және әл-ауқат министрлігі келтірген дерекке қарағанда, 2026 жылдың қыркүйек айының 1-і күні жаасы 100-ге толған және жасы 100-ден асқан қарттар саны 107 677 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылғысыменн салыстырғанда 7914 адамға көп. Жапонияда ұзақ ғұмыр сүргендер саны бойынша осымен 56-шы рет қатарынан рекорд орнатты. Жасы 100-де және одан жоғары қарттардың 88 пайызын әйелдер құраған - 94 298, ал ерлер - 13 379. Ең қарт тұрғын – 114 жастағы Кисимото Фуе (Киото қаласынан), ал ең кәрі ер адам – 112 жастағы Като Хикару (Кумамото елді-мекенінен). Осы орайда ресейлік сарапшының жапондар арасынан ұзақ ғұмыр сүретіндердің неліктен көп шығатынын түсіндіретін тұжырымын айта кетуді жөн көріп отырмыз. Мәскеу мемлекеттік университетінің геронтология секциясының жетекшісі Валерий Новоселов НСН телеарнасына берген сұхбатында жапон халқының бәріне ортақ бірнеше әдет-дағдысы барын тілге тиек етті. Жапон артық тамақтану әдетіне үйір емес. Бұл – бір. Екіншіден, теңіз өнімдерін көп тұтынады. Өйткені, Жапония теңіз аймағындағы ел. Жан-жағы теңізбен қоршалғандықтан ауасы ылғалды келеді, кклиматы жайлы, Сібірдегідей ауар райы күрт құбылмайды. Бұл факторлар жапон халқының ұзақ жасауына себеп болып отырған негізгі себептер ретінде алға шығады.