Делиде өткен дебат: «Құдай бар ма?» (орыс тілінде)
8 сағат бұрын 155

Үндістандық дін маманы Муфти Шәмәиль Нәдви мен атақты үндістандық атеист Жават Ахтар арасында өткен пікірсайыс, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Көкейінде күмән бар көп жастар, осы дебаттан соң сенімдері нықталып, қайта Құдайға жақындай түсті. Жоғарыдағы дебаттың орыс тіліне аударған нұсқасын бөлісіп отырмыз. 2025 жылдың 20 желтоқсанында Дели қаласында ғылыми-академиялық деңгейде үлкен пікірсайыс өтті. Дүбірлі жүздесу «Жаратқан Ие бар ма?» деген тақырыпта құрметті Мүфти Шәмәил Ахмад ан-Надви (Алла оны өз панасына алсын) мен үндістандық атеист Жавед Ахтардың арасында өрбіді. Бұл тақырыптың таңдалуы тегін емес. Өйткені қазіргі жаңа буын өкілдерінің арасында Жаратушының бар екеніне сенбейтін, ешбір дінді ұстанбайтын және «Құдайға сенудің ешқандай қажеттілігі жоқ» деп ойлайтындар көбейіп келеді. Оның үстіне, бұл топ бұл зәрлі ойды жоққа шығаратындай тұшымды жауап жоқ деп есептейді. 

Осы оқиғадан кейін кейбір адамдар Ислам дінін қабылдаса, ал мұсылман жастардың білімге деген құштарлығы оянып, ізгі де шынайы ғалымдардың соңынан еруге, имандарын бекемдеуге деген ынтасы артты. Бұл пікірсайысты соңғы уақытта Үндістанда болған ең ықпалды әрі маңызды оқиғалардың бірі деп айтуға толық негіз бар.

Муфтий Шамаиль Надви и Джавед Ахтар

0 пікір