عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم:مَنْ يَأْخُذُ مِنْ أُمَّتِي خَمْسَ خِصَالٍ ، فَيَعْمَلُ بِهِنَّ ، أَوْ يُعَلِّمُهُنَّ مَنْ يَعْمَلُ بِهِنَّ ؟ قَالَ : قُلْتُ : أَنَا يَا رَسُولَ اللهِ ، قَالَ : فَأَخَذَ بِيَدِي فَعَدَّهُنَّ فِيهَا ، ثُمَّ قَالَ : اتَّقِ الْمَحَارِمَ تَكُنْ أَعْبَدَ النَّاسِ ، وَارْضَ بِمَا قَسَمَ اللهُ لَكَ تَكُنْ أَغْنَى النَّاسِ ، وَأَحْسِنْ إِلَى جَارِكَ تَكُنْ مُؤْمِنًا ، وَأَحِبَّ لِلنَّاسِ مَا تُحِبُّ لِنَفْسِكَ تَكُنْ مُسْلِمًا ، وَلاَ تُكْثِرِ الضَّحِكَ ، فَإِنَّ كَثْرَةَ الضَّحِكِ تُمِيتُ الْقَلْبَ.
Пайғамбар үйреткен бес қасиет
Сахаба Әбу Хурайрадан риуаят етілген хадисте, ардақты сахаба былай дейді: «(бір күні сахабалармен отырғанда) Пайғамбарымыз:
-Үмбетімнен кім менен бес қасиетті үйреніп, соған амал етеді немесе амал ететіндерге үйретеді? – деп сұрады. (Әбу Хурайра айтады):
- Мен үйренейін, уә Расулалла! – дедім. Сонда Пайғамбар (ғ.с.) қолымнан ұстап, аталмыш бес қасиетті қолымда санады (саусағыммен санап тұрды. Бұл хадистің Тирмизидегі нұсқасында «бесеуін сайып өтті» делінген).
1. Харам нәрселерге барып қоюдан сақтанып жүр, сонда адамдардың ең тақуасы боласың.
2. Алланың бөліп берген несібесіне ризалық таныт (қанағат ет), сонда адамдардың ең бақуаттысы боласың.
3. Көршіңе иігілік жаса, сонда мүмін боласың (иманды боласың).
4. Өзіңе жақсы көргенді, адамдарға да жақсы көр (өзіңе қалағанды өзгеге де қала), сонда (кәміл) мұсылман боласың.
5. Күлкіні көбейтпе (көп күлме). Шынында, көп күлу – жүректі өлтіреді.
(Имам Ахмад: Мүснәд, №8034; Тирмизи - №2305)