Абдусамат Қасым
Хадис тағылымы: "Бейуақта жас балаларыңды үйден шығармаңдар!"
10 жыл бұрын 4531

Сахаба Жәбирдің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Түн қанат жайғанда, жас балаларыңды (жақын) ұстаңдар, өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды. Ал түннің біраз уақыты өткен соң, оларды жібере беріңдер.  (Сосын) есігіңді жап та (құлыптап)  Алланы еске ал, шамыңды өшір де,  Алланы еске ал, су құятын ыдыстың аузын байла да, Алланы еске ал және ыдысыңды, бір нәрсені үстіне көлденең қойсаң да жауып, Алланы еске ал". Сахих Бухари  

2 пікір