Түркияда жер сілкінісінен аман қалған көп қабатты ғимарат табылды
«Бірде-бір ыдыс құламаған...»
2 жыл бұрын 1405

Түркия елінде жер сілкінісі қатты болған елді-мекеннің бірі Қаһарманмараш қаласында ешқандай зардап шекпеген көп қабатты бір ғимарат табылды деп хабарлайыды жергілікті БАҚ өкілдері.

Айналадағы үйлердің бәрі құлап, қирап жатқанда ол ғимарат құламай, екі рет қайталанған қатты жер сілкінісінен дін аман қалған. Тіпті ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан ыдыс-аяқ сататын дүкендегі бірде-бір ыдыстың орнынан қозғалмағандығын көруге болады. Қаһарманмараш жұрты бұл үйді "тылсым үй" деп атап та үлгеріпті. 

«Өздеріңіз де куә болып отырғандай, бір де бір табақ, бір де бір кесе - қысқасы, ешбір зат құламаған да, сынбаған да...» деп жергілікті тілші өз таңданысын паш етті.

 

 "Мен дүкендегі барлық зат күл-талқан болып талқандалып жатқан шығар деп ойладым..» дейді ғимараттағы дүкен иесі. «Бірақ дүкенге келгенімде өз көзіме өзім сенбей таң қалдым. Әйеліммен бірге барған болатынмын, ол да таңданысын жасыра алмады...".

 Ғимараттың бұлай аман қалуының сыры тылсымда емес, ғимараттың сапалы соғылғандығында жатқандығы сөзсіз.

"Біз ғимаратты тұрғызғанда бәрін жоспарға сай жасадық. Қолдан келгенше командамызбен бірге, техникалық мамандарымыз бар, құрылысшы мамандарымыз бар бәріміз басығасында болып, бір-бірімізбен байланысты үзбей, осылайша қолдан келгенше ісімізді сапалы істеуге тырыстық..." деп ағынан жарылды мердігер өкілі.

 islam.kz

0 пікір