Австралиялық қарияның мұсылмандығы...
2 жыл бұрын 7733

Мешіттегі дауысқа шағымданып келген австралиялық христиан қария, сол мешіттен мұсылман болып шыққан!  
—————————

Жақында өткен Ораза айт намазында адамның көптігі әрі мешітте айтылатын тәкбір-тәшриқ, құтпа, сүрелердің дауыстап оқылуы т.б. - бұның бәрі австралиялық бір христиан қарияға ұнамай қалғанға ұқсайды. Ол мешітке шағымын айтып келген, бірақ 10 минуттан кейін сол мешіттен мұсылман болып шыққан.

Мешіт қызметкерінің айтысына қарағанда, Брайн есімді қарт шағымданып келгенде, ол оның шағымын тыңдап қасында он минуттай отырып, одан соң қарияның көңілін алау мақсатында оған айттық ас берген. Айттық асты христиан қарияның қолына ұстатып, ол асты үйіне алып баруын сұраған. Содан кейін қария бейнебір жылулық сезсе керек, артынан сондағы бір мұсылман Ислам жайында түсіндіргеннен кейін қарияның жүрегінде иман оты тұтанған, сөйтіп мұсылман болуға шешім қабылдаған.

Кәлима айтқан заматта қарияның көзіне жас келкенін көріп отырсыздар. Қуанып, бәрімен құшақтасып жатыр. Осылайша мешітке шағымын айтып келген австралиялық қарт, он минут ішінде мешіттен мұсылман болып шығып отыр.

Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оны жетектеп болса да дінге алып келеді екен. Сүбханаллаһ. Аллаһу Акбар.

0 пікір