видео
"Аллаһу әкбар" дейтін қарға
10 ай бұрын 3753

Түркияда ағаштың үстінде қонақтап тұрған қарға қарқылдаудың орнына "Аллаһу әкбар" деді. Бұл айналадағы адамдардың назарын аудартпай қоймады. Өйткені, қарғалар зерек құс болғанымен, тотықұс секілді адамша сөйлеу ерекшелігі жоқ. Дегенмен, мына видеодағы қарғаның "Аллаһу әкбар" деп анық айтуы жұртшылықты таң қалдырды. Жақын арада екі мешіт орналасқан екен. Қарға мешіттегі айтылатын азанды күнде ести-ести "Аллаһу әкбар" сөзін жаттап алған болуы ықтимал. Құранда қанатты құстар да Алланы пәктеп, ұлықтайтындығы айтылған.

 

0 пікір