Айына 10 рет Құранды хатым ететін қарт
9 ай бұрын 3742

Мына бейнебаяндағы Судандық қарт кісі 40 (қырық) жыл бойы, айына 10 рет Құранды хатым етіп келеді екен, яғни, айына он мәрте 600 беттік Құран кітапты бастан аяқ оқып шығады деген сөз. Өзін Судандық Мүбәрак Хәмими деп таныстырған қарт "Айына 10 рет, ал жылына 120 рет қатым түсіремін" дейді қария. Және бұлай жалғасып жатқанына 40 жыл болыпты. Сонда 40 жылда – 4800 рет қатым еткен болып отыр. Қарттығы себепті бойынан қуат қашқандығы да байқалып тұр, сонда да Құран кітапты оқуды үзбей жалғастырып келемін дейді. Ойлап қараңыздаршы, үш күнде 1 мәрте Құранды бастан аяқ оқиды, сонда айына 10 (он) мәрте, жылына – 120 мәрте. Осылай 40 жыл бойы.

0 пікір