Зүннүн Мысри (р.а.): «Мұсылман жұртының бұзылуына алты нәрсе себеп болды».
Зүннүн Мысри (р.а.): «Мұсылман жұртының бұзылуына алты нәрсе себеп болды».
3 ай бұрын 3790 islam.kz/

Миләди 796-859 жылдары Зүннүн Мысри есімді Мысырлық әулие, дін қайраткері өмір кешкен. Өзі хадисші, тақуа жан болған. Одан көптеген өсиет сөздер мен даналық сөздер жеткен. Сондай өсиет сөздерінің бірінде абыз былай дейді:  

"Мұсылман жұртының бұзылуына алты нәрсе себеп болды:

Ақыретке қатысты істерде ниеттің әлсіздігі (Алла ризалығы үшін істемеуі және ақыреттік істерге селқос қарау). 

Денелерінің нәпсілеріне тұтқын болуы (нәпсілеріне берілулері)

Қысқа өмірде ұзақ ғұмыр кешу үміті (мәңгі өмір сүретіндей сезініп, о дүниені ұмыт қалдыруы).

Алла Тағаланы риза етуден гөрі, адамдарды риза етуді артық көру. 

Нәпсі-Эголарына еріп, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сүннетін тастап қою.

Алтыншысы – олар өз қателіктерін ақтау үшін, әуелгі буын мұсылмандардың (сәләфтардың) кейбір қателіктерін айғақ ретінде алып, алайда сол сәләфтардың көп артықшылықтары мен ізгі қасиеттерін ұмыт қылдырулары».

Зүннүн Мысри тағы бір сөзінде былай деп өткен:

«Алланы шын сүйген адамның белгілерінің бірі – Алланың сүйіктісі болған Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, әмірлерін және сүннеттерін өзіне үлгі алу»1.


1Имам Шатыйби: «әлИътисам».

1 пікір