Үш нәрсе жүректе кекшілдік тудырса, үш нәрсе сүйіспеншілік тудырады
Үш нәрсе жүректе кекшілдік тудырса, үш нәрсе сүйіспеншілік тудырады
3 жыл бұрын 5818

Үш кісі бар, олар өздерінің жүректерінде кекшілдіктің дәнін сеуіп, Алланың ашуын өздеріне міндет етеді (шақырады), және де, сонша құрған нәрселерін бір пәсте жояды. Ол үш кісі мыналар:

  1. 1). Адамдардың кемшіліктерімен шұғылданатын кісілер.
  2. 2). Өзін-өзі сүюші, өзімшіл адам.
  3. 3). Істерін көрер көзге істеуші риякер (немесе ел мақтасын деп істеуші).

Және үш кісі бар, олар жүректерінде сүйіспеншілік дәнін сеуіп, Алланың мейріміне бөленеді және аспан иелерінің (періштелердің) назарында мәртебелі болады. Ол үш кісі мыналар:

  1. 1). Көркем әдеп иесі.
  2. 2). Ісін ықыласпен істеуші (ықыласты).
  3. 3). Қарапайым.

Хәтим әз-Зәһид айтқан екен: Төрт нәрсенің қадірін тек төрт адам біледі:

  1. 1). Жастық шақтың қадірін қартайған біледі.
  2. 2). Амандықтың қадірін басына іс түскен біледі.
  3. 3). Саулықтың қадірін ауру адам біледі.
  4. 4). Өмірдің қадірін өлген біледі.

Ақылды адамға төрт нәрсе керек, осы төрт нәрсе арқылы амалы босқа кетпей, ісі оңға басады:

  1. 1). Бірінші ілім-білім. Білімі арқылы ісінің мәнін түсінеді. Білімі амалының дәлелі.
  2. 2). Тәуекелділік. Аллаға тәукел еткеннің құлшылығында бостық болмайды әрі үмітсіздікке түспейді.
  3. 3). Сабыр. Сабырмен ісін толық әрі кәміл орындайды.
  4. 4). Ықылас. Ықыласпен істеген іс-амалына сауап алады[1].

[1] Әбу Ләйс әс-Сәмәрқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин».

0 пікір