Әзіреті Әли білекті батыр болуымен қатар, білімді дана да еді. Оған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен ілімнің қаласы болсам, сол қаланың қақпасы - Әли» деген болатын («әл-Хәким, мүстәдрак»). Әзіреті Әлидің дуалы ауыз дана болғандығын одан жеткен көптеген нақыл сөздерінен де ұғынуға болады. Сондай бір нақыл сөздердің бірінде ардақты сахаба былай деген екен:
راحة الجسم في قلة الطعام، / Дененің рақаты - аз тамақ ішуде.
وراحة النفس في قلة الآثام / Рухтың рақаты - аз күнә жасауда.
وراحة القلب في قلة الاهتمام، / Жүректің рақаты - аз мән берушілікте.
وراحة اللسان في قلة الكلام / Тілдің рақаты - аз сөйлеуде1.
Радияллаһу анһ!
1Имам Шәукәни бұл сөзді Сәбит әл-Харани есімді бір сәбии дәрігерге тән еткен.