Ханафи ғұламасы Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди былай дейді:
«Абдулланың ұлы Мұхаммед былай деген еді:
- Кім бөтен әйелдерге қараудан көзін сақтаса, оған тақуалық беріледі.
- Кім тәкәппарлануды тастаса, оған кішіпейілділік беріледі.
- Кім көп сөйлеуді қойса, оған даналық беріледі.
- Кім көп тамақ жеуді доғарса, оған ғибадаттың тәттілігі беріледі.
- Кім әзілқойлықты тастаса, сұлулық беріледі.
- Кім күлкіні тастаса, оған ұлыға тән қасиет беріледі.
- Кім біреудің дүниесіне көз салуды қойса, оған деген адамдардың сүйіспеншілігі беріледі.
- Кім біреудің айыбын тергіштеуді, біреуді аңдуды тастаса, оған өзінің айыбын дұрыстайтын қасиет беріледі.
- Кім Алла Тағаланың есім-сипаттарына қатысты екі ойлылықты тастаса, оған күмән мен екі жүзділіктен құтылу беріледі».
Әбу Ләйс әс-Сәмәрқанди айтады:
«Үш нәрсе жүректі қатайтады:
- Таңырқаусыз күлкі (немесе бос күлкі).
- Ашықпай тамақ жеу.
- Қажетсіз сөйлеу»1.
1 «Тәнбиһуль Ғофилин».