Тілектес қара халқыңа, қолдарың үшін бергейсің
Тілектес қара халқыңа, қолдарың үшін бергейсің
11 жыл бұрын 4084
Ғұмар Қараш

Талма кездер жеткенде,        
Тайғақ кешу өткенде,            
Тілектес қара халқыңа,            
Қолдарың үшін бергейсің.        
Сендерге айтпай, кімге айтам,    
Бір деп білектеріңнен,            
Екі деп етектеріңнен            
Ұстайды халқың сенген соң!        
Көз алдыңда, мінекей,            
Екі көзі жаудырап,            
Торға түсіп халқың тұр!        
Іші, бауырын дерт алып,        
Жан алқымға тақалып,            
Тұла бойы салқын тұр.            
Сендер - бәрі тапқаны            
Тауып мұңын айтқаны,
Күндердің күні болғанда
Көздерің сала жүргейсің.
Тар  сонылар тап болса,
Кең не керек демеңіз!
Бақ, дәреже тап болса,
Ел не керек демеңіз!    
Халық деген - қауымың,
Қаны бірге бауырың,
Бір туып, бір кететін
Жаны бірге денеңіз!
Жаны бірге денеңді   

Жүзің сүйген кебеңді,
Сүйенер күндер туғанда,  
Сүйеу беріп, демеңіз!.

Құмар ҚАРАШ 

0 пікір