Оның әскерінде 10 мыңға жуық генералдар болған, олардың арасында: Чан Ючуан, Лян Ю, Дин Децсин, Му Йин, Фен Шень және де Ху Дахаи бар еді. Оның жұбайы – Ма ханшайымы, мұсылман отбасынан шыққан, ал өзі болса әу бастан Го Цзысин бастаған, мұсылмандардың көтеріліс жариялаған жасағының мүшесі болған еді. 

Император Чжу Юаньчжан 100 сөзден тұратын ода – мадақ өлең жазып, өлеңінде Аллаға, Исламға және Пайғамбарымызға (с.а.у.) мақтау-мадақ айтқан. Ол бұл өлеңін салуға әмір берген барлық мешіттерге таратуды бұйырады.
 
Ода поэма қалпында жазылғын, әр шумақ 4 сөздерден (иероглифтерден) және 4 буыннан құрастырылған.

Ұсынылып отырған аудармада, поэманың мағынасын толық ашу мақсатында  алғашындағы тәртібі сақталмаған.

Жүз сөзден құралған мадақ өлең

Жаратқан кезден-ақ ғаламды,
Жазым ғып Батыстан сәлемді -
Құдайым келтірді өмірге
Нар тұлға - уағызшы адамды.
 
Қамтыған отыз бөлімді
Киелі Кітапты тапсырды.
Құдайдан келген нұсқаулық
Жаралған үшін – жолбасшы.
 
Әміршілердің Мырзасы,
Әулиелердің Тұлғасы,
Құдайдан алған демеумен,
Үмметін қоршап-қорғаған
Бес уақыттық намазбен
Жиһанға артып сенімін
Үмітін үнсіз торлаған.
 
Аллаға тартқан жүрегін,
Кедейге берген жігерін,
Қасірет келсе қорғайтын,
Түнектен жарық тастайтын,
Жан менен рухтың барлығын
Күнәдан аулақ сақтайтын,
Мейірім болған әлемге
Көшбасшы, жолға бастайтын -
Ежелден салған ұлы жол,
Зұлымдықты құрықтап
Күйретіп оны тастайтын.
 
Көзіндей мөлдір бұлақтың
Пәк, таза дінін танытқан.
Мұхаммад – Асыл да Ардақты,
Мейірбан және Данышпан!


(Тан Та Сен, Дашен Чен (2000), Чжэн Хэ және Оңтүстік Азиядағы Ислам, Оңтүстік Азияны зерттеу Институты, 170 бет.)