ЕҢ ЖАҚСЫ СӨЗ
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Дүниенің бар болуы – Ләә иләәһә илаллаһ.
Тілеулердің нар болуы – Ләә иләәһә илаллаһ.
Дүниенің жақсы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Ақиқаттың нақты сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Пәк иманның нұрлы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Пәгеюдің сырлы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Екі әлемнің ауыр сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Мұсылманның бауыр сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Хақ Аллаһқа сенім сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Қай құл айтса соның сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Жаратылыс мақсат сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Зікірлеудің жақсы-ақ сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Дінге адамды ашар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Ділге шуақ шашар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Алғаш Адам көрген сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Хаққа уәде берген сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Адам иман еткен сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Ақиқаттан өктем сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Екі өмірдің сұлу сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Жан жібітер жылу сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Адам алып қайтар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Ақтық демдегі айтар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Тірілердің тауап сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Өлгендердің жауап сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Мақшарда іске асар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Таразыны басар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Құл Жәннәтқа кірер сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Бәрін Хақтан білер сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ.
Адам, сені шақырамын «осы сөзді айт, тыңда!» деп.
Осы сөзсіз, адам саған, екі әлемде дым да жоқ!..
ИМАН КҮШІ
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Хақ атымен басталмаған іс қараң,
Хақ атымен сөйленбеген сөз мәнсіз.
Хақ атымен істелмеген іс харам,
Хақсыз сүрген өмірдегі кез жансыз.
Аспан,
Жерге толған сыйлық етсең де,
Хаққа серік қоссаң кетер жиғаның.
Бағың жанар бермесең де бес теңге,
Серіксіз һәм берік болса иманың.
КҮЗЕТ
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Қадір түні – қадірлі түн, мың айдан да сауапты!
Кірсіз, мінсіз сексен жылдық құлдықты ойла, сауатты!
Екі әлемі жарқыраған нұрлы иманмен гүлдеген,
Сексен жылға адамзатты ырысты ету бұл деген.
Періштелік тазалыққа бір-ақ сәтте өту бұл.
Сексен жылдық мінсіздікке бір-ақ түнде жету бұл.
Бұл қалауды білген құлды жіберетін шүлен ғып,
Бұл недеген мейірімділік,
Бұл недеген шүлендік?
Тал бойынан жоқ ететін тауба еткеннің кесірін,
Бұл недеген жарылқану,
Бұл недеген кешірім?
Бұл недеген рахымдылық,
Бұл недеген мейірім?
Шатастырма бұл мейірмен ата-анаңның мейірін!
Хақ сыйлаған бұл қадірлі отыз күндік жарықта,
Оразаңды тұттың ба шын, онда айналдың жарыққа.
Шүбәланба, болды солай, Хақ нұрына кенелдің!
Қалпың бұзба, халың сақта, сенсің бірі кемелдің!..
Сонда бұл түн қандай жарық, қазыналы түн еді?
Мұндай сыйды тұрған сыйлап адамзатқа Кім еді?!
Ойлан бауыр,
Орныңнан тұр, бұл дүние жалған-ды!
Қанша ақылды шайтанға еріп, нәпсісіне алданды.
Тырдай мынау дүниені өтсең дағы аралап,
Көзіңді енді соқыр ет те, харам жаққа қарама.
Тіліңді ме, тіліңді жұт, өсек, сыбысты ұмыт та,
Өзіңді ұста дініңе еніп – мұсылмандық тұнықта.
Сеніміңде серік қоспа – Хақтан басқа жоқ тәңір!
«Бар» дегендер болмақ оттық, табынам деп жоққа құр.
«Хақ!» деп қана құлдығыңда берік болсаң нағында,
Шүбәланба, ой-қой бауыр, кіреріңе Ғадынға!
Ал ендеше күзетейік Оразаның соңғы онын,
Болмайық та ұйқы ұйытқан, нәпсі мінген тоңмойын!
Ұйқы деген ұры халық, ал күзетіп Нұр сыйын.
Ұйқы өлтіріп, құры қалсаң өксігенің бір тиын!
Жетері хақ даргайыңа Сен салғанға сабырлы ер!
Оят та онда, о, Аллаһым, мүминіңе сабыр бер?!
ҚҰРАН
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Құранда тұрып ілім сені күтті,
Менменсіп білмедің-ау соны «мықты».
Онда: «Мен жын, адамды тек Өзіме
жараттым құлдық үшін»* делініпті!
Менменсіп оқымадың Құранды ашып,
Санаңды күдікті ауыр күмән басып.
Құранды оқысаң саф шын көрер ең,
Жалғанда жалғанға емес Шынға ерер ең.
Шынға еріп, шынданар ең періштедей,
Хақты һәм Хақтың ісін терістемей.
Ғаламның он сегіз мың сырын біліп,
Кетпес ең кездейсоқты ырым қылып.
Таубаңа келіп солай танып Хақты,
Өткенге өкінер ең жанып қатты!
Дүние өтірігін рас біліп,
Дүрмектен алыстар ең құлашты ұрып.
Тірілер Хақ алдында күніңді ойлап,
Істеген біліп, білмей мінің бойлап,
Таубаңа тағы, тағы, тағы келіп,
Хақ құлдың қараүзер ең нағы болып!
Күнәдан шыбын-шіркей қашып солай,
Өзіңді жарқырар ең ашып солай!..
Бар кітап бір харфіне тең келмейтін,
Оқымай адам оны жөнделмейтін,
Құранды – сөзін Хақтың оқымауың,
Ол сенің – екі әлемдік тоқырауың!
Ол сенің – Хақ Аллаһпен сырласпауың,
Хақ берген бойдағы игі сырды ашпауың!
Ол сенің – надандыққа тірелуің,
Ол сенің – тірі жүріп тірі өлуің!
Ол сенің – Хақ ілімін қате алуың,
Қате алып хақсыздыққа маталуың!
Ол сенің – өзіңді-өзің аша алмауың,
Жаныңа жарығыңды шаша алмауың!
Ол сенің – айырмауың ақ, қараны,
Ол сенің – ақ білуің қап-қараны!
Ол сенің – жұмсамауың ақылыңды,
Адамдық қор еткенің асылыңды.
Ол сенің – рух, жан һәм сезім жәйлі,
Білмеуің не делгенін өзің жәйлі!..
Екі әлем,
Періште,
Жын,
Жаралды Адам,
Жаралып Хақтан зат жоқ нәр алмаған.
Жалғыз зат Аллаһ қана жаралмаған,
Һәм Аллаһ сөзі – Құран жаралмаған!
Себебі, жаралмайды Жаралмастың
Сөзі де, Өзі де хақ!..
Нәр алмас кім?!
Білсең бұл хақ Құранның мәртебесі,
Жіберген бізге оны Хақ, мәрт еді Осы!
Білмеуің міне осыны – Құран білмеу,
Көзіңе ілмеу Хақты – Құранды ілмеу!
Көзіңе Құранды ілмеу – Хақты «жоқ» деу,
Басыңнан екі әлемдік бақты жөткеу!
Басыңнан екі әлемдік бақты жөткеп,
Пәниде-ақ тозақ оты жақты беттеу!..
Солай!
-----------------------------------
*«Зәрият» сүресі, 56- аят
КӘЛИМА
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Адам ба,
Адам Кәлиманы айтпақ керек.
Айтып, сеніп иманды байытпақ керек.
Таусылып дәм өмірден озарда да,
«Ләә иләәһә илаллаһ» деп, қайтпақ керек!
Босқа өткізбей өмірді жоққа өкпелеп,
Аллаһ нұрын жүрекпен өппек керек.
Нұры ішінде Аллаһтың сүріп өмір, –
Осы Сөзбен пәниден өтпек керек.
Шырқағанмен шыңында әнді басқа,
Сенбейтіндер бары рас мәңгі Расқа.
Өмір мәні – кәлима, қайталап өт,
Өмірде одан нәрсе жоқ мәнді басқа!
ХАҚТЫ ОЙЛАУ
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
«Мен сондаймын құлым қандай ойласа!» –
Бұл Хақ сөзі хикіметті, ойлы аса!..
Бұны бізге хақтығымен өпкізген,
Елшісі Оның хақиқатпен жеткізген.
Еш нәрсеге ұқсамайды Хақ бірақ,
Сен де ешке онда ұқсатпа Оны нақтырақ!
Тек Өзіне Ұлы болса Ол қандай,
Ұлы Ол, Ұлы, Ұлы нағыз Ол сондай!
Кейлер Күнге ұқсатты, ұста соны есте,
Күн бірақ та Ол жаратқаны емес пе?!
Өз жаратқан затына Өзін ұқсату,
Құл өзін тек тозақ отқа ұстату!..
Бұл, жәйлі Өзі «биік ойла» дегені!
Басты Өзіне иіп ойла дегені!
Тек Өзін, тек сүйіп ойла дегені!
Құранды ойға құйып ойла дегені!
Үмітті ешбір үзбей ойла дегені!
Уайымға жүзбей ойла дегені!
Өзіне ешті қоспай ойла дегені!
Тек Өз жолын қостай ойла дегені!
Мақтау, мадақ айтып ойла дегені!
Ақиқатқа қайтып ойла дегені!
«Кешіред» деп сеніп ойла дегені!
Сынақтарға көніп ойла дегені!
Жүрегімде тұр деп ойла дегені!
Тәңір Ол тек – Бір деп ойла дегені!
Естіп, білед Ол деп ойла дегені!
Ілімі Оның мол деп ойла дегені!
«Көп еске алып тек Өзі Ұлы – Егені,
Тек Өзіме құлдық жаса» дегені!..
Иә, бұл сөзді бұдан да кең түсініп,
Құл боу шарт құл Хаққынна өзін ұсынып!
Жақсы ойласаң жарылқайды Хақ сені!
Жат ойлауға қақың құлдық жоқ сенің!
ШҮКІР
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Ісім діндене бастады, сан шүкір!
Түсім діндене бастады, сан шүкір!
Сыртым діндене бастады, сан шүкір!
Ішім діндене бастады, сан шүкір!
Сөзім діндене бастады, сан шүкір!
Көзім діндене бастады, сан шүкір!
Төзім діндене бастады, сан шүкір!
Мендегі өзім діндене бастады, сан шүкір!
Жүрісім діндене бастады, сан шүкір!
Тұрысым діндене бастады, сан шүкір!
Дұрысым діндене бастады, сан шүкір!
Ырысым діндене бастады, сан шүкір!
Жүрегім діндене бастады, сан шүкір!
Тілегім діндене бастады, сан шүкір!
Жүрегім ішінде рухым – Хақ нұры,
Тірегім діндене бастады, сан шүкір!
Қадамым діндене бастады, сан шүкір!
Қабаным* діндене бастады, сан шүкір!
Бәрін де басқарып тұратын, сан шүкір,
Адамым діндене бастады, сан шүкір!
Бал тілім діндене бастады, сан шүкір!
Бар тұлым діндене бастады, сан шүкір!
Аллаһым бір Өзің тірілткен,
Құл-Керім,
Хар құлың діндене бастады, сан шүкір!..
----------------------
*Қабан – нәпсі
САҚТАН
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Шайтан малғұн – пенденің мұңайғанын,
Нәпсісінің сәт сайын тыңайғанын,
Тағдырына Тәңірдің қарсы келіп,
Дүниенің жегенін жылай қамын ұнатады!
Шайтан – құлдың өз ойын тыңдағанын,
Дана айтқан ақылға қыңбағанын,
Дана тұрмақ Аллаһтың Құранда айтқан,
Хақ сөзіне қарсы кеп сынбағанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – пенденің керіскенін,
Бір-біріне тек пәле теріскенін,
Хақ Аллаһқа ұйытқан хақ иманнан,
Айырылып бауырдан жеріскенін
ұнатады!
Шайтан – құлдың бір-бірін кешірмеуін,
Араздықты көңілден өшірмеуін,
Хақ дінге еніп хақтанып, ізгілік пен
Мейірімді жүрекке көшірмеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – достардың кетіскенін,
Кешірместей қас ойға бекіскенін,
Көршілердің есігін тарыс жауып,
Аллаһ сүймес сараңдық етіскенін
ұнатады!
Шайтан малғұн – жұбайлар жарылғанын,
Бармақ тістеп соңынан сарылғанын,
Махаббаттай Аллаһтың сыйын білмей,
Өкініштің отына қарылғанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – ел мен ел жауласқанын,
Жақ-жақ болып жақындар дауласқанын,
Қасиетсіз заңдар мен қарша борап,
Жұрттың мәнсіз жаулауын қаулы аспанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – жұрт дінге беттемеуін,
Хақсыздыққа қасқая бет кемеуін,
Хақсыздыққа қасқая қарсы шығып,
Хақиқатта адам боп көктемеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – хақшылдар бірікпеуін,
Хақсыздықтан жандағы үрікпеуін,
Ел тұтқасын ұстаған әкімдердің,
Хақтан қорқып тізгінін ірікпеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – ұяттың жоғалуын,
Құран емес, қолға жұрт доп алуын,
Иман емес, әзіл мен айтыс қуып,
Бар сияқты жоқ болып жоғалуын
ұнатады!..
Ендеше жұрт сақтансын малғұндықтан,
Шайтанға азбас шайтандай малғұнды ұққан.
Құран біліп,
Хақ біліп,
Хақ дінмен тек
жүріп хақтап, құтылсын «балғындықтан»!
Шайтандық іс – дінде жұрт таласуы,
Бақсы барып, тағдырға бал ашуы,
Құлдың қор боп шайтаннан жеңілуі ол,
Ол мазалар емес жай жан ашуы!