Құдіретті күшті Құдайдың, жарлығын жақсы білсеңіз
Құдіретті күшті Құдайдың, жарлығын жақсы білсеңіз
11 жыл бұрын 6948
Дулат Бабатайұлы (1802 – 1871)

Әуелі Алла айталық,
Ағузы билляһи әліпті.
Қайыр беріп сыйлаңыз,
Мүсәпір мен кәріпті.

Кәріпке қайыр берсеңіз,
Ақыреттің дәулеті.
Қараңғы емес жарық-ты,
Құдай білер деген сөз
Тыңда мақшар күнінде,
Өз алдына анық-ты.

...Ақыретте не болар,
Құдайды жақсы білмеген?
Құдайды жақсы білген құл,
Тозаққа жанып күймеген.
Қыл көпірден өтерде,
Қинауды көріп тұрарсың,
Сүйтсе-дағы байғұстар,
Тый талабын қылыңыз.
Құдіреті күшті Құдайдың,
Жарлығын жақсы біліңіз.

Құдіретті күшті Құдайдың,
Жарлығын жақсы білсеңіз,
Мүңкір, Нәңкір, келгенде,
Бұлбұлдай сайрар тіліңіз.
Қайырымы жоқ сорлы байлар-ай,
Тәңір алдына барғанда,
Табылар сонда мініңіз.

Жау алмағы еліңнің
Елге қойған батырың,
Жауға қайрат қылмаса,
Жамандардан несі артық.
Жаулық киген қатындай,
Қайырсыз байдың несі артық.
Ел қонбаған тақырдай,

Ақырзаман кезінде,
Бейіл кетіп пендеден,
Бай дәметер пақырдан.
Бұл заманда тентек көп,
Дінін жұтқан мақұлдап.
Көкірегі тұйық болмаса,
Көр санаттың несі артық.
Көз бітпеген соқырдан?
Жаманға Құдай салмаған,
Жүз мәртебе ақылды,
Ақылы жоқ жамандар,
Әуелінен құр қалып,
Енді не дәметеді ақырдан?!

Дулат жырау БАБАТАЙҰЛЫ (1802-1871)

0 пікір