«Намаз оқушылар екі түрлі...»: даналардың намаз оқушы жайында айтқандары
«Намаз оқушылар екі түрлі...»:  даналардың намаз оқушы жайында айтқандары
30 күн бұрын 1610 islam.kz
Абдулла Самға

Хәкімдер айтқан:

«Намазға тұрушылар екі топқа бөлінеді:

  • даралар
  • және жалпы көпшілік.

Даралар намазға құрметпен келеді, намазға яқин иманмен, қошаметпен тұрады, тағзым етіп, ұлықтап орындайды және қорқынышепен намазынан кетеді. Ал жалпы көпшілік болса намазға ғапылдықпен келеді, білімсіздікпен тұрады, азғырумен, уәсуәсамен орындайды және өзіне сенімді түрде намазын аяқтап кері қайтады».

Риуаяттарға қарағанда, Әзіреті Әли радияллаһу анһ намазға дәрет алып жатқанда реңі бұзылып кетеді екен. Онысын көрген қасындағылар себебін сұрағанда: «Мен Жаббар болған Жаратушы Иеміздің алдында тұрайын деп тұрмын» деп жауап береді екен. Сосын мешіттің есігіне келген заматта басын көтеріп: «Уа, құдайым! Пенденің есігіңе келіп тұр! Уа, ізгілік сыйлаушы! Күнәһар келді саған! Сен ізгілік жасаушы пенделеріңе жаман іс жасаушыларды кешіруді әмір еттің. Сен де ізгілік жасаушысың, мен болса күнәһар, жаман адаммын. Сендегі әдемдікпен мендегі жамандықты кетіргейсің, уа Кәрім Алла!» - деп сосын кіреді екен.

Басқа хәкім дананың бірі былай дейді:

«Намаз - Алланың мүміндерге күнде бес мезгіл жаятын дастарқаны секілді. Дастарқанда алуан түрлі тағамдар тұрады, олардың әрбірінің дәмдері мен түстері әртүрлі. Сол сияқты намаздың да қимылдары бар, оның әртүрлі зікірлері бар және әр қимылдың өзіндік сауабы мен күнәға кешірімі бар».

Тағы бір хәкім былай деген:

«Намаз оқушылар көп, ал намазды орындаушылар аз. Алла Тағала мүміндерді сипаттай келеді «намазды иқама (орындау) етушілер» деп сипаттайды. («Намазды орындаушылар». Хаж сүресі). Ал мұнафиқтарға болса «намаз оқушылар» деген сөзді қолданған: «Сондай намаз оқушыларға ненде өкініш! Олар сонда намаздарына немқұрайлы қарайды...». (Мәғун сүресі). Намаздың иқамасы (орындауы) - намаздың жалғасымды әрі қаза болмай, уақтылы оқылуы, және де рүкуг, сәжде сияқты намаз қимылдары өз орнымен, толық орындалуы»1.

1  Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин».

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: