Надан адамның 6 сипаты
Надан адамның 6 сипаты
1 ай бұрын 21983

Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди (рахимаһуллаһ) өзінің «Тәнбиһуль Ғофилин» атты кітабында былай дейді.

«Хәкімдердің бірі былай деген: Надан адамды алты ерекшелігінен тануға болады:

1) Бос нәрсеге ашуланады. Адамға да, жануарға да ашуланады. Өзіне қолайсыздық тудырған нәрсенің бәріне ашу шақырады. Бұл надандықтың белгісі.

2) Бос сөзді.  Ақылды адам пайдасыз сөздерді сарп етпеуі тиіс. Сөйлейтін болса дүние-ақыретіне пайдасы бар нәрселерді айтқаны жөн.

3) Орынсыз жерге дүние жұмсайды. Сауабы жоқ нәрсеге дүние жұмсау надандықтың белгісі (мысалы, темекі, арақ т.б.-ауд.)

4) Сыр сақтамайды. Кім көрінгенге сырды жайып салады.

5) Тым сенгіш. Кімге болса да сеніп қалады, барлық адамды шыншыл санайды.

6) Досын дұшпанынан айыра алмайды. Адам досы кім, қасы кім білмегі жөн. Досын танып, оған бойсұнсын. Қасын танып, одан сақтансын. Ең басты жауы, ол – шайтан. Адам Ібіліс шайтанға ілеспеуі керек, оның әмірлерін орындамауы тиіс»[1].


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль ғофилин».

0 пікір