Мәуләнә Руми. Құдай мен пенденің арасындағы екі перде
Мәуләнә Руми. Құдай мен пенденің арасындағы екі перде
13 сағат бұрын 320 islam.kz

«Құл мен Тәңірдің арасындағы перде мына екі нәрседен тұрады, қалған перделердің бәрі осы екі пердеден туындайды -

  • Біріншісі - деннің саулығы.
  • Екіншісі - мал-дүние.

Дені сау, есен болған адам «Тәңір қайда, көрмей тұрмын?» дейді. Бірақ қашан ауырса, бір жері сыздап науқастанса «О, Алла, о, Алла» дей бастайды. Құдаймен сырлас болып кетеді. Онымен сөйлесе бастайды. Көрдің бе, демек, деннің саулығы перде екен! Құдай сол дерттің астында жасырулы екен.

Адамның мал-мүлкі қалауларының себептерін әзірлейді, күндіз-түні онымен әлек болады. Қашан тұрмысы тарыла бастаса, нәпсісі де арықтайды, тәңірді айналшықтап шықпайды...

Ұлы Құдай перғауынға төрт жүз жыл өмір берді. Оған билік, патшалық бұйырды. Тілеген нәрсесін берді оған т.б. Бұлардың бәрі перде болатын. Оны осылар арқылы табынуынан ұзақ ұстады. Бір күн болмаса, бір күні Құдайын есіне алар деп, оны көздегеніне жеткізіп отырды, бірде бір бас ауруын бермеді. «Тілеуіңмен алдан, бізді есіңе алма, түнің хош болсын» деді (құдай).

Сүлеймен салтанаттыққа тойды,
Бірақ Әюб сынаққа тоямады1.


1  Мәуләнә Ж. Румидің «Фиһи мә фиһ» атты кітабынан (Румидің қара сөздерінің топтамасы). Түрік тіліндегі аудармасынан.

0 пікір