Бір қажы ақсақал мешітке кетіп бара жатса, алдынан жастау бір ер адам кездесіп:
- Ақсақал, қайда жол тарттыңыз? - деп сұрапты.
- Мешітке - депті əлгі ақсақал.
Сонда жаңағы адам:
- Олай болса, маған да дұға ете салыңызшы - десе, ақсақал:
- Дұға етуін, етермін-ау, бірақ Алла Тағала: "өзі қайда?" деп сұраса, не деп жауап беремін?! - деген екен.